Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

Оқу процесінде студенттердің тұлғалық, үлкен еркіндікке ұмтылу, кәсіби өсу, дербестік, өзін – өзі сыйлау сияқты мінездемелерін есепке алу  мақсатында  тәрбиемен ұштастырылады. «Қайнар» колледжінің   тәрбие жұмысы  білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталып, өз дәрежесінде жүргізілуде.  Тәрбие жұмысының мақсаты қоршаған ортаның өзгерістеріне өзінің шығармашылық орнының дайындығын анықтап және дамыта алатын,  тұлғаны қалыптастыру. Міндеті - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22 сәуірдегі 2015 жылғы №227 бұйрығымен бекіткен Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін, сонымен қатар іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар жобасын және Тәрбие жұмысының бағыттары:

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру тәрбиесі

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі

Бекітілген топ жетекшілер оқу тәртібі, студенттердің сабаққа қатысы, үлгерімі, қоғамдық белсенділігі және т.б. мәселелерді шешеді. Әр топ жетекші  оқу жылына арналған тәрбие берудегі жұмыс жоспарын жасақтап, студенттермен сан алуан аудиториядан тыс және ата-аналармен жұмыстар жүргізеді, мәдени, қоғамдық-пайдалы шараларды ұйымдастырады, тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқарып болашақ жақсы маман иесі болу мақсатында жеке сапасын дамытуға өз үлесін қосады.

«Топ жетекшілер кеңесі» әр айда бір рет жиналып, жоспар бойынша атқарылатын мәдени-тәрбие шаралар ұйымдастырылып қана қоймай, тәрбие жұмысының мәселелері мен қиыншылықтары туралы пікір алмасып, шешуге тырысады. «Топ жетекшілер кеңесі» жұмысының мақсаты: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, олардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесімен білімге, өнерге деген қызығушылығын дамытуына толық мүмкіндік жасау, жас мамандарды топты басқаруға және оңтайлы қарым-қатынас орнатуға үйрету.

Топ жетекшілердің жұмыс жоспарлары кешенді тәрбие бағдарламасы негізінде жасақталып, папкаларында төмендегі құжаттар тіркелген:

жылдық тәрбие жоспары;

ата-аналармен байланыс құжаттары, хаттамалары;

топ жетекшілік сағаттарының құжаттары, хаттамалары;

тәрбие сағаттарының материалдары (ақпараттар, рефераттар, баяндамалар, шығармалар, фотосуреттер, буклеттер т.б.)

Оқу жылынан бастап «Топ жетекшілер кеңесі» өткізіледі. /Қарастырылған мәселелер хаттамаларда көрсетілген/.

Жыл бойы тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша төмендегі аталған іс-шараларға колледж  мамандықтарының студенттері қатысты.

  Көп жылдан бері колледжімізде дәстүрлі түрде әртүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру жүйесі қалыптасты: «Конституция күні», «Білім күні», «Ұстаздар күні», «Денсаулық фестивалі», «Студенттер қатарына қабылдау», «Күзгі бал», «Дүниежүзілік АИТВ қарсы күрес күні», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Ұлыстың Ұлы күні», «Қазақстан Республикасының халқының бірлігі күні», «Сарбаздар күні», «Ұлы Жеңіс күні», «Халықаралық балалар құқығын қорғау күні», «Колледж бітірушілерімен қоштасу», «Астана күні» және тәрбие жұмысын жүзеге асыруға арналған 8 бағыттар бойынша шаралар.

Тәрбие жоспарына енгізілген барлық іс-шаралар студенттердің  өз мамандықтарына қызығушылығын арттыруға, жан-жақты интеллектуалды, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, патриоттық сезімі жоғары, ғылым мен тәжірибе жетістігі, ұлттық және жалпы адами құндылыққа негізделіп жетілген тұлға қалыптастыру бағытында  салауатты азаматты тәрбиелеу мақсатын көздейді.