Түлектер

Түлектер

Колледж еңбек нарығындағы сұранысқа ие  мамандықтар бойынша берілген мемлекеттік лицензия негізінде техникалық  және кәсіби  білім беру қызметін  жүзеге асырады. «Кайнар» колледжін  бітірген  түлектерге  мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.  Мұндай диплом түлектерге Қазақстанның және шетелдердің  кез-келген жоғары оқу орындарында  ұқсас мамандық түріне түсу арқылы қысқартылған мерзімде білім алуға яғни, 3 жылда жоғары білімді бакалавр дәрежесіне ие бола алады.

Колледж түлектерінің ЖОО түсу көрсеткіші

Оқу жылдары

Бітіруші саны

ЖОО білім алушылар

Пайыздық көрсеткіші

2015-2016

232

19

10%

2016-2017

254

23

10%

2017-2018

245

27

12%

2018-2019

318

35

11%

2019-2020

130

40

30,7

Барлығы:

1179

144

16,1%

Колледж студенттерінің кәсіби тәжірибесі жақсы деңгейде өткізілетіндігіне және де түлектердің жұмысқа орналасуының ақпарат көздерін анықтау аясында серіктес мекемелерден сауалнамалар алынды.  31 әлеуметтік серіктестік қатысқан сауалнама қорытындысы келесідей көрсеткіштер көрсетті: студенттерді жұмысқа колледжден тікелей қабылдау – 49,7 %, БАҚ құралдары арқылы – 7,9%, ұйымның дербес веб сайты арқылы – 27,7 %, кадрлық агенстволар арқылы – 5,5%, әріптестерден ақпарат тарату арқылы – 16,6% құрады, жұмысқа орналастыру бойынша колледждің бағдарламасына әлеуметтік серіктестердің қосатын  үлесінің өте жақсы қатысатындар – 2,8%, жақсы қатысатындар – 33,3%, қанағаттандыратын – 52,8%, өзара әрекеттестік жоқ серіктестер -11,1 пайызды құрайды. Серіктестердің 97,2 %, колледждің кадр даярлау сапасына жақсы деген баға берсе,  2,8%  өте жақсы деген пікір білдірді.

Студенттерге берілген пікірлер мен мінездемелер студенттердің талапқа ие және жеткілікті дайындығы бар екендігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.