«Қайнар» колледжінде білім алушыларға арналған ішкі тәртіп ЕРЕЖЕЛЕРІ
Беймемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі «Қайнар»
колледжі Ережесі Қазақстан Республикасының зиялы, сауатты, саналы
азаматын тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Осы Ережені қолдануға қатысты (мәселелерді) колледжі әкімшілігі өзіне жүктелген өкілеттігі аясында шешеді.
Колледжіде оқитын әрбір білім алушы колледжінің бейнесін
қалыптастырды және мамандарға тапсырыс берушілердің, ата-аналардың,
серіктес мекемелердің сенімдерін нығайтып, бірлесе жұмыс істеуіне
септігін тигізеді. Студенттер оқудағы, ғылыми және қоғамдық жұмыстардағы
белсенділігімен, тәртібімен аймақтағы сенімді ғылыми және мәдени білім
беруші орталық ретінде өз колледжінің беделін нығайтуға ат салысу
керек.
Ережеге сәйкес колледжде білім алушылардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері бірдей.
1. Білім алушылар құқықтары:
оқуға қабылданған білім мекемесінің нормативтік құжаттарына сәйкес білім қызметін алуға;
таңдаған мамандығының оқу пәндері бойынша консультациялық көмек алуға;
оқу бағдарламасы мен кестесіне сәйкес оқу сабақтарына қатысуға;
белгіленген тәртіп бойынша колледжінің оқу-материалдық базасымен,
кітапхана қорымен, әдістемелік нұсқаулармен бағдараламаларын
пайдалануға;
оқу сабағында және сабақтан тыс уақытта ғылыми, спорттық, шығармашылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға;
кәсіптік білім бағдарламасы бойынша оқу үдерісіне байланысты анықтамалық ақпараттар сұрауға және алуға;
Колледжінің оқу бөлімінен және басқа құрылымдарынан анықтама алуға;
студенттік билет және сынақ кітапшасын мұқиат таза ұстауға,
бүлінген немесе жоғалтып алған жағдайда 10 күн мерзім ішінде көшірмесін
(дубликат) шығынын төлеп қайта қалпына келтіріп алуға;
оқу-тәрбие үдерісі бойынша кез келген сұрақтарымен Колледж әкімшілігіне хабарласуға.
2. Білім алушылар міндеттері:
Білім алушы міндетті:
Білім алушы «Қайнар» колледжінде білім алушыларға арналған ішкі тәртіп Ережелерімен танысуға және бұлжытпай орындауға;
Қазақстан Республикасы азаматының рухани дамуы туралы үкіметтің
басты құжаттарын білуге, қоғамда толеранттылық пен өзара түсіністік
идеясын сақтауға, және қоғамда экстремизм мен қақтығыс туғызатын басқа
идеяларға, өзге де ағымдарға жол бермеуге, оларға қолдау көрсетпеуге;
Колледжінің компьютерлері мен басқа да құрылғыларын, локалды
желілері мен ғаламтор желісін пайдалану ережелерін сақтауға және
ақпараттық қауіпсіздігін сақтауға;
Мамандықтар бойынша (оқу жоспары, оқу бағдарламасы, пән жоспары,
сабақ кестесі, білімді бақылау) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың
нормативтік құжаттарына сәйкес Колледжінің оқытушылары мен кәсіптік
білім беру бағдарламаларының талаптарын орындауға;
Таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жүйелі және тереңірек меңгеруге;
Сабақтарға қатысуға, оқу жоспары мен білім бағдарламасында,
сондай-ақ аралық бақылау жұмыстарында қарастырылған тапсырмаларды
мерзіміне сай орындауға;
Академиялық сабақтарды ауырып қалу немесе басқа да дәлелді
себептерге байланысты жіберген жағдайда тиісті ресми растайтын құжатты
оқу бөліміне уақытында тапсыруға;
Колледжінің оқу мәселелері мен студенттердің қоғамдық өмірі бойынша ұйымдастырылған шараларына қатысуға;
Оқу-тәрбие үдерісінің өзекті мәселелері бойынша студенттердің
пікірлерін зерттеу сауалнамаларына және басқа да шараларға қатысуға;
ішкі және сыртқы есеп беруге дайындық шараларына қатысуға;
Колледжінің материалдық меншігіне (мүлкіне, құрал-жабдықтарына, оқу
құралдарына, аспаптарға, спорттық құралдарға, кітаптарға және т.б.)
ұқыптылықпен қарауға;
Колледж ішінде этикалық нормалар мен толеранттық режимді сақтауға;
Тәртіпті болуға, классикалық киім үлгісін сақтауға, әкімшілік
құрамына, оқытушылар құрамына, шаруашылық қызметкерлерге қатысты
этикалық нормаларды білуге;
Колледж ғимаратына кіргенде бас киімін шешуге, күзгі-қысқы мерзімде
сырт киімдерін киімін тапсыру, аудиторияда оқытушымен орнынан тұрып
сәлемдесуге;
Колледжінің барлық кабинеттерінде тазалықты сақтауға, оқу
аудиторияларында пакеттерді, пластикалық ыдыстарды, қоқыстарды
тастамауға, жалпы гигиеналық орындарда тазалық ережесін сақтауға,
сенбіліктерге және басқа санитарлық шараларға қатысуға;
Колледж ғимаратына студенттік билетпен кіруге жүзеге асырылады.
Студенттік билеті жоқ болған кезде білім алушы Колледжіге кіруге арнайы
журналға тегі мен атын кезекші оқытушы енгізгеннен кейін және
күзетшілердің рұқсатымен жіберіледі.
Білім алушыларға тыйым салынады:
«Қайнар» колледжінде білім алушыларға арналған ішкі тәртіп Ережелерімен ішкі еңбек тәртіп Ережелерін бұзуға;
Басқа идеологияны насихаттауға, діни экстремизм әдебиеттерін
таратуға, кез келген діни бағыттағы киім киюге (орамал, хиджаб, никаб
және т.б.), көпшілік алдында кез келген діни әдет-ғұрыптарын орындауға;
Колледж территориясында және ғимаратында қызметкерлермен,
студенттермен адми және ұлттық намысына тиетін сөздер айтуға, дауыс
көтеріп сөйлесуге, нормативті емес лексиканы қолдануға болмайды. Бұл
Ереже Колледжінің ақпараттық ресурстарын пайдаланып сөйлесуде, сондайақ
қызметтік хат жазуда және жазбаша хабарламалардың басқа да түрлерін
пайдалану кезінде қолданылады.
- Өзара қарым қатынас мәселелеріншешуде немесе қоқан-лоқы жасауға физикалық күштерді пайдалануға;
Тәртіп бұзуды көздеп өртке дабыл қағу құралдарын басып, өртке қарсы
қызмет пультіне жалған шақыру жасап, видеобақылау құралдарын істен
шығаруға, телефондар мен сымсыз байланысты бұзуға, Колледжінің
оқу-материалдық базасына нұқсан келтіруге;
Оргтехника мен дербес компьютерлердің бағдарламалық және техникалық құрылғыларына теңшер жасауға, конфигурациясын өзгертуге;
Оқу сабағы кезінде мобилді байланыс құралдарын қолдануға;
Колледж ғимаратында құрылғылардың, жиҺаздардың орындарын ауыстыруға;
Колледж ғимаратынан мүліктерді, құрал-жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын алып кетуге;
Колледж ішінде сырт киіммен (пальто, жейде және т.б.), бас киіммен
(орамал, құлақшын және т.б.), орынсыз, таза емес киімдермен жүруге;
Колледж ғимаратында және аумағында алкогольді ішімдіктер (сыра,
энергетикалық сусындарды қоса) ішуге, есірткі, улы және темекі өнімдерін
пайдалануға;
Колледжіге қоршаған адамдардың өліміне және жарақаттануын
туғызатын, жарылыстар мен жануға себеп болатынатыс қаруын, газ
пистолеттері мен баллондарын, өткір және кез келген басқа да элементтер
мен заттарды әкелуге, беруге және пайдалануға;
Колледж ғимаратында және аумағында алкоголь немесе есірткі әсері күйінде болуға;
Колледж ғимаратына тиісті құрылымды бөлімшелердің рұқсатынсыз бөгде адамдарды кіргізуге;
Колледж ғимаратында демалыс және мерекелік күндері болуға;
- Қоршаған ортаға, жеке өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын кез келген әрекеттер жасауға.
3. Ішкі тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік:
«Қайнар» колледжінде білім алушыларға арналған ішкі тәртіп
Ережелерімен ішкі еңбек тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін төмендегі
тәртіптік жазалардың бірі қолданылады:
ескерту;
сөгіс жариялау;
қатаң сөгіс жариялау;
колледжден шығару.
Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында
көрсетілген заңға қарсы әрекеттер жасаған жағдайда колледж әкімшілік
құқық қорғау органдарына шағымдануға құқылы.
Колледж Жарғысының талаптары мен осы Ережені әдейі бұзған әрекетінің
нәтижесінде материалдық залал болса, онда кінәлілер Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық жауапкершілікке
тартылады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) балаларының қасақана
жасаған бұзақылығы үшін колледжіге материалдық шығын келтірген жағдайда
өтеу үшін материалдық жауапкершілікке тартылады.
Педагогикалық Кеңесте қаралды және қабылданды. Хаттама № 1, 01.09.2016ж.