Студенттік өмір

Студенттік өмір

Үздіксіз білім беру жүйесінде оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өз-өздерін танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау мақсатында колледжде тәрбие жұмысының түрлері және адамаралық қатынастардың барлық байлықтарын ұғындыруды, әрбір оқушыға жан-жақты әлеуметтік жағдай жасау бағытында гуманистік жүйедегі моделі жасақталған.

Колледжде тәрбие жұмысының міндеттеріне рухани бай салауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету; оқушыларға патриоттық тәрбие беру; оқушылардың әлеуметтік, гуманистік дүниетанымын қалыптастыру; кәсіби тұрғыда білімін жетілдіріп, дамуына жағдай жасауды жатқызамыз. 

Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған жұмыстар:

  1. Қазақстан Республикасының адамзат құндылығын бағалай білетін патриот азаматын тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білетін, ұлттық жетістіктерді бағалай білетін, басқа мемлекетпен ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтейтін азамат тәрбиелеу; 

  2. Алдына мақсат қоя білетін, мақсаттарын іске асыра білетін азамат тәрбиелеу;  

  3. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыра білетін, жан-жақты азамат тәрбиелеу;  

  4. Қоғамда болып жатқан құбылыстарды түсінетін, қазіргі заманға сай әр түрлі формада болып жатқан қанаушылыққа жол бермейтін азамат тәрбиелеу;  

  5. Тұрмыс жағдайының өзгеруіне төзе білетін, оларды жетілдіру мақсатында бұл жағдайларға белсенді әсер етуге дайын болатын жастарды тәрбиелеу;  

  6. Өз құқығын қорғай білетін, заңды бұзбайтын, халық қамы үшін қызмет ететін азамат тәрбиелеу.  

Қазіргі таңда актуальды сұрақтардың көпшілігі жастардың ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерін арттыруды көзделіп отыр, сондықтан оқушылардың өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бағытын қарастырып келеміз. Өзін-өзі басқаруға арналған жұмыс жасап тұрған жүйені жүзеге асыру үшін колледжде оқу және тәртіп жұмыстары, қоғаммен байланыс, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру бағытында оқушылар әкімшілігі жұмыстанады. Колледждің тәрбиелеу жүйесі оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, дамытуға бағытталған және оқушыларды гуманистік-мәдени салттарға, әлеуметтік жауапкершілігі бар және белсенді азамат болып қалыптасу міндетін атқарады. Осы жүйені жүзеге асыру үшін оқытушылармен оқушылардан құралған комиттермен жасақтар өз ісін белсенді атқарып келеді, жеке тоқталар болсақ, «Жастар ісі жөніндегі комитеті» /мерекелік шараларды жоспарлап, ұйымдастырып, салтанатты кештер бағдарламаларын құрып, қабырға газеттерін шығарады/; «Полицияның жас көмекшісі» /ішкі тәртіпті сақтауға атсалысып, үлгерімі нашар, жетім, мүжәлсіз отбасынан шыққан қиын оқушыларға көмек көрсетеді/; «Қыз – ұлт болашағы» /қазақ қызының бейнесін, ішкі болмысын бейнелейді/; «Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу» /құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілетін шараларды жоспарлап, ұйымдастырады, заң қызметі мамандарымен кездесу, дөңгелек үстелдерді жүргізеді, облыстық кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың статистикасымен оқушыларды таныстырып, есепте тұрғандармен жұмыстанады/; «Діни экстремизммен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау» /оқушылардың діни сауатын ашу және діни терроризмнің құрбанына айналмау бағытында іс-шаралар жүргізеді/; «Ата-ана-психолог-учаскелік полиция серіктестігі» /үйелмен тәрбие беру мақсатында отбасы мен әлеуметтік психологтың жұмысын кәмелетке толмаған балаларды мемлекеттік тарапынан қарайтын заң қызметкерлерімен біріге жұмыстар атқару/; «Мерген» клубы /оқушыларды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу және мергендікке баулу мақсатында жұмыстар жүргізеді/.

«Топ жетекшілер кеңесі» әр айда бір рет жиналып, жоспар бойынша атқарылатын мәдени-тәрбие шаралар ұйымдастырылып қана қоймай, тәрбие жұмысының мәселелері мен қиыншылықтары туралы пікір алмасып, шешуге тырысады. «Топ жетекшілер кеңесі» жұмысының мақсаты: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, олардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесімен білімге, өнерге деген қызығушылығын дамытуына толық мүмкіндік жасау, жас мамандарды топты басқаруға және оңтайлы қарым-қатынас орнатуға үйрету.

Топ жетекшілердің жұмыс жоспарлары кешенді тәрбие бағдарламасы негізінде жасақталып, папкаларында төмендегі құжаттар тіркелген:

  • жылдық тәрбие жоспары;
  • топтың тізімі; 
  • топ активтерінің тізімі;
  • ата-аналар туралы толық мәліметтер;
  • ата-аналармен байланыс құжаттары, хаттамалары;
  • топ жетекшілік сағаттарының құжаттары, хаттамалары;
  • тәрбие сағаттарының материалдары /ақпараттар, рефераттар, баяндамалар, шығармалар, фотосуреттер, буклеттер т.б.

Колледжде «Жыл оқушысы» сайысының ережесі жасақталып, бекітілген. Жыл сайын оқушылар «Колледж Көшбасшысы», «Эрудит оқушы», «Спорт шебері», «Белсенді оқушы», «Өнегелі оқушы», «Үздік КТК ойыншысы», «Мәнерлеп оқу шебері», «Жас патриот», «Үздік музыкалық көркемдеуші», «Үздік аспапшы», «Үздік топ басшысы» номинацияларымен марапатталады.

Колледж психологының жұмысы оқушылар, ата-аналар және оқытушылар қарым-қатынасын нығайтуға жылдық жоспарда бекітілген оқушылардың өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлігін жетілдіру, сенімділікті сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру, оқытушының қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, оқытушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынасының эффективті амалдарын дамыту, оқушылармен ата-аналардың қарым-қатынаста образдық рөлін дамытуға бағытталған.

Жыл сайын жоспарда бекітілген ағарту-диагностикалау мен түзету-кеңес беру мақсатында «Білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру», «Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады», «Достық ілтипат білдіру», «Я родитель - я приятель», «Наркотикке жол жоқ!», «Суицидалды мінез-құлықты анықтау және алдын-алу», «Мен өмірді сүйемін», «Социометрия», «Девиантты мінез-құлықты анықтау», «Оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы шкала», «Менің образым және оқытушы-топ», «Кекілжіннің алдын алу», атты проективті тест, сауалнама, тест, тренинг әдістері арқылы жұмыстар жүргізілді.

Колледжде «Жыл оқушысы» сайысының ережесі жасақталып, бекітілген. Жыл сайын оқушылар «Колледж Көшбасшысы», «Эрудит оқушы», «Спорт шебері», «Белсенді оқушы», «Өнегелі оқушы», «Үздік КТК ойыншысы», «Мәнерлеп оқу шебері», «Жас патриот», «Үздік музыкалық көркемдеуші», «Үздік аспапшы», «Үздік топ басшысы» номинацияларымен марапатталады.

2008-2009 оқу жылының қорытындысы бойынша:

  1. «Колледж Көшбасшысы-2009» - Бимұхамбетова Баянсұлу «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушысы  

  2. «Эрудит-2009» - Қазиев Ерсін «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Абитаев Асқат «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушысы

  3. «Өнегелі оқушы» - Изетуллаева Ақбөпе «Коммерция» мамандығының 1 курс оқушысы  

  4. «Белсенді оқушы» - Қамидолла Райгүл «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс оқушысы, Нұрмағамбетов Сабыр «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Акназарова Менлигул «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс оқушысы, Есетова Ботагоз «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы

  5. «Үздік топ басшысы» - Мекеева Гүлжан «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс оқушысы

  6. «Үздік музыкалық аспапшы» - Берназаров Саламат «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы

  7. «Үздік музыкалық көркемдеуші» - Туржанов Бақытжан «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс оқушысы

  8. «Спорт шебері» - Исаков Мадияр «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы, Коноваленко Сергей «Ақпараттық жүйелерді өңдеу» мамандығының 1 курс оқушысы

  9. «Жас патриот» - Кандыбаев Максат «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығының 2 курс оқушысы, Блохаев Жалғас «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы

2009-2010 оқу жылының қорытындысы бойынша:

  1. «Колледж Көшбасшысы-2010» - Иванов Әскер «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы  

  2. «Эрудит-2010» - Қазиев Ерсін «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы, Балтабай Бауыржан «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы, Сабен Мұратбек «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы  

  3. «Өнегелі оқушы» - Әли Ерлан «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс оқушысы  

  4. «Белсенді оқушы» - Қамидолла Райгүл «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушысы, Нұрмағамбетов Сабыр «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы,  

  5. «Үздік топ басшысы» - Айдарова Жанар «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы  

  6. «Мәнерлеп оқу шебері» - Мекеева Гүлжан «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушысы

  7. «Үздік музыкалық аспапшы» - Қоңыратбаев Берік «Кәсіптік оқыту» мамандығының 1 курс оқушысы

  8. «Үздік музыкалық көркемдеуші» - Туржанов Бақытжан «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс оқушысы

  9. «Спорт шебері» - Богату Сергей «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс оқушысы, Алибеков Нұрсұлтан «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Исаков Мадияр «Құқықтану» мамандығының 3 курс оқушысы, Коноваленко Сергей «Ақпараттық жүйелерді өңдеу» мамандығының 2 курс оқушысы

2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша:

  1. "Колледж Көшбасшысы - 2011" - Туманшаева Гүлшат «Экономика» мамандығының 1 курс оқушысы

  2. "Үздік КТК ойыншысы" - Әли Ерлан «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс оқушысы, Шаруқия Жәнібек «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы, Рахи Яхия «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы

  3. "Үздік музыкалық аспапшы" - Бинеубаев Қуаныш «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы

  4. "Үздік музыкалық көркемдеуші" - Жанай Нурлан «Құқықтану» мамандығының 2 курс оқушысы

  5. "Белсенді оқушы" - Абилов Азамат «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Мухитов Кайрат «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Елеусін Нұржан «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы, Джумашев Әдилхан «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы

  6. "Спорт шебері" - Жұмаділда Рахат «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы

  7. "Жас патриот - 2011" – Григорян Роман «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс оқушысы, Мусағалиев Жүсіп «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушысы

  8. "Эрудит-2011" - Атшыбаева Меруерт «Құқықтану» мамандығының 3 курс оқушысы

  9. "Үздік топ басшысы" - Войтик Раиса «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс оқушысы.