Серіктестер

Серіктестер

Колледжде кәсіби практикасын ұйымдастыру және өткізу «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаланы және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы, «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік тәжірибеден өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 11.09.2013 жылғы № 369 бұйрық «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен соңғы мекеменің типтік ережесін текіту туралы» заңдарына,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы «Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» заңдарын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылады. 

Ұйымдарда өндірістік оқыту білім алушының мамандығына сәйкес өткізіледі. Кәсіптік тәжірибенің ұзақтығы мамандықтың оқу жоспарына сәйкес анықталып, жұмыс беруші ұйымдардың әлеуметтік серіктестік жөніндегі келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Колледжде тәжірибеден өтуге түгелдей келісімшарт жасалып, білім алушылар 100% жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Білім алушыларға тәжірибе алдында жұмыс бағдарламасы, жеке жоспар дайындалып, оларға еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережелері өткізіліп, Техникалық қауіпсіздік журналында тіркеледі. Білім алушыларды тәжірибеге жолдау мерзімі көрсетілген бұйрық негізінде жүзеге асырылып, колледж тарапынан тәжірибе жетекшісі тағайындалады. 
Болашақ колледжінде білім алушылардың өндірістік тәжірибесі облыстың 131 кәсіпорындарында ұйымдастырылған.

  • кәсіби практикасын ұйымдастыру және өткізу-каз  
    Файлды жүктеу (DOCX, 22.32 Kb)