Білім беру үрдісіндегі жаңашыл әдістері, түрлі технологиялар, оқыту құралдары мамандарды даярлаудағы сапалы білімге әсерін тигізері сөзсіз. Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты кеңесінің «Оқытудың кредиттік технология жүйесін білім беру үрдісіне енгізудің эксперимент алаңдары етіп белгілеу туралы» 28.12.2007жылғы №5/4 шешімі негізінде «Қайнар» колледжінде "Ақпараттық жүйелер және "Құқықтану“ мамандықтарында 2008-2009 оқу жылынан бастап кредиттік оқыту жүйесі енгізілді. Кредиттік оқыту жүйесі "Ақпараттық жүйелер " мен "Құқықтану“ мамандықтарының 5 тобында жүзеге асырылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Есеп және аудит», «Бастауыш білім беру», «Аударма ісі» және «Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандықтарында да кредиттік оқыту жүйесі жалғасты.
Колледжіде өткізілетін эксперименттің негізгі мақсаты:
Экспериметтің мақсатына сәйкес колледжіде келесі міндеттер шешілді:
Колледжінің мамандықтары бойынша эксперименталдық оқу жоспарлары жасақталды (колледжінің директорымен бекітілген);
Оқытудың тәжірибелік бағыттылығына, оқушылардың өзіндік жұмысының дағдыларын дамытуға, олардың өзін-өзі тануға және өзін-өзі бағалауына байланысты әр мамандық бойынша пәндердің мазмұндары қайта жасақталды;
Білім беру бағдарламаларының және олардың меңгеру қорытындыларының кредиттік-сағаттық бағалау технологиясы жасақталды;
Кәсіптік мобильдікке қойылатын талаптарға жауап беретін оқушылардың білімін бағалайтын әріптік және баллдық жүйесі жасақталды;
Бақылау мен білім беру үрдісін бөлу жүргізілді, компьютерлік технологияларды кеңімен пайдалану арқылы қорытынды бақылау мен оқушылардың білімін бағалау жүйесі жетілдірілді;
ҚР МЖМБС – на сәйкес оқу жүктемесі теорияляық оқу көлемінде аптасына 36 сағаттан аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 50 минуттан қойылды (әр аудиториялық сағатқа 2 сағат оқушылардың өзіндік жұмысы, оның ішінде 1 сағат оқытушылардың бақылауындағы өзіндік жұмысқа берілген).
Аталған мақсатты іске асыру үшін колледжде: «Қайнар» колледжінде оқу үрдісін кредиттік жүйесі бойынша ұйымдастыру туралы ережесі; мамандықтар бойынша эксперименттік (сараптау) оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, силлабустар, тіректік дәріс мәтіндері, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, аралық және қорытынды аттестация өткізу үшін электрондық тестілер және бақылау сұрақтар, барлық тәжірибелік сабақтар өткізу үшін әдістемелік нұсқаулар жасақталды. Кредиттік оқыту технологиясын енгізгенде оқу пәндерін оқыту әдістері түбегейлі өзгереді, себебі енді оқытушы тек қана білімін ғана бермей, сонымен қатар оқушының өздігінен білім алуға, дағдылар мен іскерлікті меңгеруге және оларды тәжірибелік іс-әрекетте пайдалануға үйретеді. Өзіндік жұмыстың рөлі күшейеді, оқыту сапасына қойылатын талаптар артады.
Оқу үрдісін ұйымдастыру бекітілген жұмыс бағдарламалары, академиялық календарь, оқу үрдісінің жоспарлары, штаттық кесте, оқу сабақтарының кестесі мен оқытушылардың бақылауындағы өзіндік жұмыс негізінде ұйымдастырылады.
Кредиттік оқыту технологиясы оқушылардың білім траекториясын таңдауын көздейді. Оқушылар жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді өз еркімен таңдайды.
Оқыту үрдісін ұйымдастыру дәстүрлі және жаңа әдісті салыстыра келе «Қайнар» колледжінде кредиттік оқыту жүйесінің (бірнеше) артықшылығы білінді. Оқу жұмысын кредиттік оқыту жүйесін енгізу практикасы ол жұмыстарды ұйымдастыру кезінде оның ерекшіліктерін біліп сипаттауға мүмкіндік берді.