Кәсіптік білім берудің әлемдік
тәжірибесінде қос бағытты білім беру - дуалдық жүйесі колледжіде
2008-2009 оқу жылынан бастап енгізілді. Дуальдық жүйе, өз мәнінде, білім
беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. 2009-2010 оқу
жылында 76 оқушы, 2010-2011 оқу жылында 69 оқушы дуальды технология
бойынша оқып, қала, аудандарымызда түрлі мекемелері мен өндірістеріне
қызметке орналасты. Ал биылғы 2011-2012 оқу жылында 32 оқушыға дуальды
технология бойынша оқуға рұқсат берілді, себебі олар да өз мамандықтары
бойынша еңбек етеді. Дуальды жүйе бойынша оқыту түріне өткен оқушы білім
бағдарламасын өз бетімен меңгереді, сонымен қатар жеке белгіленген
кесте бойынша сабаққа қатысып, пән оқытушыларынан (бақылау жұмыстары,
курстық жұмыстар,тест,практика тапсырмалары) тапсырмалар алады және
оларды белгіленген мерзімде тапсырады. Жұмыс жасайтын оқушының жұмыс
орнында қызметтік міндетін орындау деңгейін байқау үшін әрбір оқушының
жұмыс орнынан анықтама, мінездеме және еңбек кітапшасы немесе еңбек
келісім шартының көшірмесі талап етіледі.
Бұл жүйенің артықшылығы:
Дуальды технология бойынша оқитын оқушылардың үлгерім көрсеткіштері:
2008-2009 оқу жылы бойынша үлгерімі -100, білім сапасы-67 , орта балы-3,6
2009-2010 оқу жылы бойынша үлгерімі -100, білім сапасы-70 , орта балы-3,7
2010-2011 оқу жылы бойынша үлгерімі -100, білім сапасы-71 , орта балы-3,8