Педагогикалық ұжым

Педагогикалық ұжым

Колледжді заманауи бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру мақсатында колледждің оқу-әдістемелік жұмысының мақсаты:

- «Колледждің білім беру жүйесін қоғам талабына және Маңғыстау облысының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға қарай жетілдіру».

Мақсатты жүзеге асыру үшін колледж ұжымы келесі міндеттерді шешуге тиіс:

— педагогикалық кадр құрамын толықтыру және кәсіби деңгейін арттыру;

— колледждің білім беру, индустриалдық-инновациялық қызметіне мониторинг жүргізу бағыттарын кеңейту;

— модульдік оқыту технологиясын енгізу, оқу бағдарламаларын оқытудың модульдік түріне көшіру, колледждің оқу, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жаңарту.

Колледждің педагогикалық ұжымы 2020 жылғы 01 қыркүйек кезеңінде 39 оқытушыдан тұрады, оның ішінде штаттық оқытушылар үлесі 92,5%-ды құрайды. Олардың  22-і  жоғары және бірінші біліктілік санатты оқытушылар, 55 %-ды құрайды.

Оқытушылар құрамының орта жасы – 44 жас. Сонын ішінде арнайы  пәнен беретін 23 оқытушы, жалпы  пәнінің оқытушысы 16 .Ғылыми дәрежесі бойынша оқытушылар саны: 1 ғылым докторы, 3 ғылым кандидаты, 5 магистр  Колледждің оқытушылар құрамының педагогикалық стажы орта есеппен 20 жылдан жоғары.