Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

Колледж «Педагогикалық мониторинг және оның колледж оқушыларының білім сапасын көтерудегі алатын орны», «Білім беру қызметін компьютерлендіру және оқытудың тиімді әдістерін қолдану қазіргі заман талабына сай білікті мамандар даярлау кепілі» проблемалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Колледжі оқытушылары ғылыми жұмыс тақырыптарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:  
1. А.Қ.Ахметов – Болашақ мамандарды экономикалық-бағдарлай тәрбиелеу;
2. Х.О.Қарасаева – Оқытудағы білікті бағдарлау тәсілдерінің педагогикалық шарттары. 
3. Ф.С.Булекбаев – Қазақстан республикасында еңбек нарығын қалыптастыру мен дамыту. 
4. Т.К.Кенесова – Мәтінмен жұмыс түрлері. 
5. А.Тұрғанбайқызы – Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану. 
6. Ш.Р.Айтжанова – Колледжі оқушыларының білім сапасын тексерудің дәстүрлі тесті тапсырмаларының құрылымы мен қолданылуы. 
7. Ы.Н.Губайдуллина – Орта арнаулы оқу орындары жүйесінде жобалау технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттары. 
8. Р.Б.Дюсенова – Мұнай газ кешеніндегі кластердің тұжырымдамасы.
9. Р.Ж.Қоңырова – Конструирование заделок натяжных канатов плавучих буровых платформ.
10. А.А.Илесбаева Исследования движения в близи треугольных точек либрации с использованием языка программирования С++.
Оқытушылар үнемі оқу және әдістемелік әдебиеттер қорының толығуымен жұмыс жасап отырады, оқытудың дәстүрлі емес тәсілдері мен нысандарын дәрістік, практика-лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулар құрастырады. 
Профессор А.Қ.Ахметов республиканың жоғары оқу орындары мен колледжілерінің қазақ бөлімдерінде қолданылатын Жалпы физика бойынша дәрістер жинағын шығарды, 1-3 т.. 
Профессор Х.О.Қарасаеваның «Қайнар» колледжі оқушылары ғылыми қоғамының қызметін ұйымдастыру құрылымдары мен бағыттары», «Педагогикалық мониторинг білім беру сапасын басқару негізі ретінде», «Көп деңгейлі оқу орнында тәрбие жұмысының концептуалдық үлгісі» әдістемелік нұсқаулары бар.
Экономика ғылымдарының кандадаты А.С.Булекбаева «Экономикалық пәндер курсын оқытудағы интерактивтік тәсілдерді қолдану», «Экономикалық пәндер курсы бойынша семинар сабақтар», «Макроэкономика» курсындағы «Нарықтық тепе-теңдік» тақырыбына ойын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар» әдістемелік нұсқауларын жариялады. 
Оқытушы Б.Т.Стамбулова «Ағылшын тілі бойынша лексико-грамматикалық тестілерді», «Аударма теориясы мен практикасы бойынша әдістемелік нұсқауларды» жариялауға дайындады.
Оқытушы А.Б.Қолдасова «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар», оқытушы А.Тұрғамбайқызы «Оқу орыс тілінде жүретін топтар үшін «Қазақстан» тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды құрастыру бойынша әдәстемелік нұсқаулар», оқытушы Т.К.Кенесова «Мәтінмен жұмыс жасау жүйесі», оқытушы Л.Б.Жолдыбаева «Экономикадағы ақпараттық жүйелер, қолданбалы бағдарламалау пакеті» әдістемелік құралдарын дайындады.
Ш.Ж.Бекмағамбетова «ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша оқу әдістемелік кешені» (2011ж) және «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша тест тапсырмалары», С.И.Турашева «Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған «Учебно-методический комплекс дисциплины студента»»2011ж), Г.Т.Даулетбаева «Интерактивная доска HiteBoard KPS1520» әдістемелік құралдарын дайындады.
Оқу үрдісінде теория мен практиканы жақындастыру, оқытушылар мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыс жасаулары үшін жағдай туғызу мақсатында колледжде әдістемелік кеңес жұмыс жасайды. Оның қызмет аспектісіне пәндерді оқытудағы инновациялық әдістерді, құралдар мен нысандарды апробациялау енеді. Әдістемелік кабинет колледж ПОҚ-ның ғылыми-әдістемелік жұмыстар үшін база болып табылады. 
Колледжінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу және лабораториялық-зерттеу жұмыстарының қорытындысы оқытушылар мен оқушылардың қатысуымен және ғалымдар мен тапсырыс берушілердің өкілдерінің қатысуымен педагогикалық технологиялар мен инновацияларды енгізу мақсатында өткізілетін ғылыми-практикалық конференция болып табылады. Колледж оқытушыларының ғылыми және әдістемелік мақалалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып отырады. 
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Қ.Ахметов:
1. «Педагогикалық нарық негіздері» арнайы курсының мазмұны.
2. Оқытудағы жеке-бағдарлау 
3. Болашақ мұғалімдердің кәсіптік деңгейінің маңызы мен қалыптасу дәрежесі.
4. Қазақстан республикасында білім беру жүйесін қайта құрудың кейбір проблемалары: проблемалар мен мақсаттар.
Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Х.О.Карасаева:
1. Педагогический мониторинг как система повышения результативности образовательной деятельности колледжа. Вестник университета «Кайнар», 2009, №1/1. 
2. Мониторинг как инструмент достижения качественного результата в образовательном процессе колледжа. -Алматы, 2009.
3. Педагогический мониторинг как система прогнозирования учебного взаимодействия учащегося и преподавателя.- Москва, 2009.
4. Образовательная деятельность интегрированной системы «школа-колледж-университет». -Омск, 2009.
5. Технология контроля качества образовательных услуг в негосударственном учебном заведении. -София. «Бял ГРАД-БГ», 2009.
6. Развитие креативного мышления в условиях научного общества учащихся. Инновации в образовании. – Москва, 2010. N 6. 
7. Организационно-педагогические условия развития самообразования при кредитной системе обучения. Қазақстан кәсіпкері-Профессионал Казахстана, №9(88), 2010 г.
8. Инновационный рынок труда и новые цели подготовки специалистов. Гуманитарные науки в XXI веке .-М.: 2011.
9. Социокультурные доминанты страны в системе воспитательной работы образовательных учреждений Казахстана. Новые педагогические технологии –М.: Издательство «Спутник», 2011.
Оқытушы Ш.Р.Айтжанова: 
1. Қашықтықтан оқыту педагогикалық технологияларды ақпарат құралдарымен жүзеге асыру жолдары. Халықаралық ғылыми конференция «Қазіргі гуманитарлық ғылым» Қарағанды 2009ж.
Білім беру үрдісіндегі жаңашыл әдістері, түрлі технологиялар, оқыту құралдары мамандарды даярлаудағы сапалы білімге әсерін тигізері сөзсіз. 
  2009 жылы «Кредиттік оқыту технологиясындағы сапалы білім – бәсекеге қабілетті болашақ маман дайындаудың кепілі» атты Облыстық әдістемелік семинар өткізілді. Мақсаты: кредиттік технология жүйесімен оқытудың түрлерін, әдістерін үйрену арқылы болашақ маманның білімі мен біліктілігін арттырудың және түпкі нәтижеге жетудің жолдарын көрсету. Өзара пікір алысу және тәжірибе алмасу. 
 Семинарда Х.О.Қарасаева «Образовательная деятельность колледжа «Кайнар» в инновационным режиме», Ш.Р.Айтжанова «Оқушылардың жеке білім алу траекториясын қалыптастыру», С.И.Турашева «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білімін бағалау жүйесі», А.Б.Қолдасова «Экономикалық пәндерден эссе жазу бойынша әдістемелік нұсқау», А.С.Булекбаева «Микроэкономика» пәнінен іскерлік ойын ұйымдастыру», Р.К.Кадирханова ««Информатика» пәнін оқытуда жоба әдісін пайдалану», Л.Б.Жолдыбаева ««Информатика» сабағында оқушылардың интеллктуалдық ой-өрісін жетілдіру», Т.К.Кенесова ««Ағылшын тілі» сабағында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру», Ш.Ж.Бекмағанбетова ««Азаматтық құқық» пәнінен оқытушы жетекшілігімен оқушылардың өзіндік жұмысын жүргізуде тест тапсырмасын пайдалану», Ж.Р.Уразова ««Физика» пәнінен дәстүрлі емес сабақтарда өткізудің әдістемесі», Б.Т.Стамбулова «Оқушылардың ізденушілік жұмыстарын жобалау қызметін ұйымдастыру» тақырыптарында баяндама жасады.
  2011 жылы ««Қайнар» колледжінің оқу үрдісіндегі инновациялық технологиялар» атты колледжде семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – «Қайнар» колледжінде қолданылып келе жатқан инновациялық технология түрлеріне тоқталу, талқылау, көпшілік назарына ұсыну. 
 Бағдарлама бойынша колледж қызметкерлері өздері жүзеге асырып келе жатқан инновациялық технологиялар тұрғысында баяндамалар оқыды. 
 Мониторинг бөлім меңгерушісі Ш.Р.Айтжанова «Оқу үрдісіндегі мониторингтің маңызы», Ғылыми әдістеме және инновация бөлім меңгерушісі Л.Б.Жолдыбаева «Оқытушылардың әдістемелік жұмысындағы мониторингтің ролі», Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.И.Турашева «Организация учебного процесса по кредитной системе в колледже «Кайнар», сырттай бөлім меңгерушісі А.Тұрғамбайқызы «Дуальды технология бойынша оқытудың тиімділігі», директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.И.Сахыева «Тәрбие жұмысының оқыту үрдісіндегі алатын орны», практика бөлім меңгерушісі Ш.Ж.Бекмағанбетова «Нарықтық еңбектің сұранысына сай мамандар дайындауда тәжірибенің ролі» деген тақырыптарды ортаға салып, талқылауға ұсынды.
2011 оқу жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиялары» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарда Қарасаева Х.О. «Қазақстанның техникалық және кәсіптік ұйымдарындағы инновациялық әрекеттердің еуропалық білім парадигмасы және оның әсерлері» және Азанова Ф.Е. «Техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі инновация – оқыту және тәрбиені тиімділігін көтеретін фактор» «Қайнар» колледжінде оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыптарында баяндама жасап, тәжірибе алмасты.
Колледжіде жақсы жабдықталған барлық ғылыми-педагогикалық ақпараттың, әдістемелік құралдардың және озық тәжірибелердің орталығы әдістемелік кабинеті бар. Оның міндетіне оқытушыларға сабаққа дайындалу барысына, сабақтан тыс іс-шараларға біліктілік тәжірибелік көмек көрсету, сапалы маман дайындау барысында туындаған мәселелерді шешу және де оқытушыларға тәжірибелік өсуіне көмектесу жатады. Мұнда әрбір педагог кез-келген сұрағына жауап және оған қажетті кеңес ала алады. Кафедра туралы ереже, «Жас мұғалім мектебі», «Озат тәжірибе мектебі» және «Оқушылардың ғылыми қоғамы» топтарының жоспарлары, үлгілі сабақ жоспарлары, сабақтардың әдістемелік талдау тәсілдері, өзара сабаққа қатысу мен ашық сабақтар кестесі және басқа да әдістемелік нұсқаулықтардың барлығы кабинетте жинақталған. Кабинетте «Оқытушы портфолиосы» атты оқытушылар туралы электронды мәліметтер базасы толтырылады. Онда әр мұғалім туралы мәліметтер көрсетіледі: оқытушылардың педогогикалық және жалпы жұмыс стажы, біліктілік санатының тізімі, өзіндік білім тақырыбы, оқушылармен ғылыми ізденісі, конкурсқа қатысудың нәтижесі, мараппаттаулары және т.б.
Колледж оқытушыларының оқу-әдістемелік қызметі оқу жылының соңында рейтинг арқылы бағаланып, қорытындыланады. 
Жүргізілген рейтинг бойынша 2009-2010 оқу жылында - 3 оқытушының, 2010-2011 оқу жылында – 4 оқытушының педагогикалық қызметі жоғары бағаланды. 
Педагогикалық тәжірибесі жоқ жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету үшін стенділер бар. Колледжде «Жас мамандар мектебі», «Озат тәжірибе мектебі» және «Оқушылардың ғылыми қоғамы» топтары жұмыс жасайды. 
«Жас мамандар мектебі» сабағы жас мамандарға көмек көрсетуге бағытталған. Бұл жұмысқа тәжірибелі оқытушылар тартылды. Жыл бойы жоспарланған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстың қорытындысы оқытушылардың өткізген ашық сабақтары, оқу-тәрбиелік шаралары болып табылады. Оқытушылар өз ашық сабақтарында жаңа технологиялардың элементтерін және техникалық оқу құралдарын кеңінен пайдаланады.
  Осы жасалып жатқан жұмыстардың бәрі – «Қайнар» колледжінің дамуының жоғары биігіне ұмтылу үстінде екенін көрсететін дәлел.