Әкімшілік бақылау колледж директоры бекіткен кестеге сәйкес, оқу жылында 2 рет өткізіледі: І жарты жылдықта қараша, ІІ жарты жылдықта сәуір айларында ұйымдастырылады.
Әкімшілік бақылауды ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
- Оқушының пән бойынша меңгерген теориялық білімін бақылау;
- Меңгерген теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар беру барысында қолдану бағдары мен икемділігін тексеру,
- Оқушының өзіндік жұмыстарды орындау қабілетін бақылау;
- Кәсіби және анықтама әдебиеттермен жұмыс жасау мүмкіндігін тексеру;
- Әр оқушының білім деңгейін, жетістігі мен жеткіліксіз тұстарын айқындау және оны жою жолдарын анықтау.
Әкімшілік бақылау тест бойынша алынады. Тест жүйесін енгізу жолында баса көңіл аударатын мәселе – тест сұрақтарының сапасы.
Ол төмендегідей сипатта болу қажет:
1. Тест сұрақтары мен жауаптың нұсқалары нақты қойылып, мейлінше түсінікті болуы;
2. Тест сұрағы оқушының өз бетінше ойлауына, жауаптарды салыстыра отырып, дұрысын табуына мүмкіндік беретіндей дәрежеде болғаны дұрыс;
3. Тест әзірлеуде сұрақтардың әр түрлі дәрежеде құрастырылуы;
4. Тест сұрақтарында өтілген тақырыптардың толық қамтылуы;
Пәндер бойынша тест материалдары пәннің жұмыс бағдарламасына сай тараулар мен бөлімдерді қамтиды. Әкімшілік бақылау қорытындысы мониторингтің картасына енгізіледі.
Колледж студенттерінің білім деңгейі мен сапа көрсеткішін анықтауда, жетістіктері мен кемшілік тұстарын айқындап, тиісті шараларды жүзеге асыру арқылы олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде мониторинг бөлімі бекітілген жоспары негізінде өз жұмысын жүргізді.
2019-2020 оқу жылы Колледж студенттерінің білім деңгейі мен сапа көрсеткішін анықтауда, жетістіктері мен кемшілік тұстарын айқындау мақсатында 1 курс студенттері арасында мониторинг-әкімшілік бақылау жүргізілді.
Мониторинг нәтижесінің қорытындысы бойынша пән оқытушыларына студенттердің бағдарламаны меңгеруде жіберген кемшіліктерін пед кеңесте талқылап, білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру жүктелді. Сонымен қатар студенттерге техникалық білім берудің маңыздылығын, мамандықты меңгеруде білім деңгейінің ролін түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі тапсырылды.