Колледждің миссиясы: Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына бейімделген, Қазақстан Республикасының және Маңғыстау өңірінің ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына белсенді ықпал жасай алатын білікті мамандармен, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету..
Колледждің басты мақсаты - колледждің білім беру жүйесін қоғам талабына және Маңғыстау облысының экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға қарай жетілдіру.
Мақсатты жүзеге асыру үшін колледж ұжымы келесі міндеттерді шешуге тиіс:
- педагогикалық кадр құрамын толықтыру және кәсіби деңгейін арттыру;
- колледждің білім беру, индустриалдық-инновациялық қызметіне мониторинг жүргізу бағыттарын кеңейту;
- модульдік оқыту технологиясын енгізу, оқу бағдарламаларын оқытудың модульдік түріне көшіру, колледждің оқу, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жаңарту.
Білім беру бағдарламаларының мақсаттарын жүзеге асыру үшін колледждің студенттер контингентіне сәйкес жинақталған қазіргі заманғы материалдық-техникалық база, дамыған компьютерлік және желілік инфрақұрылым, тұрақты қаржылық жағдай, жоғары білікті педагогикалық құрам, оқу қызметіндегі халықаралық ынтымақтастық тәжірибе, жабдықталған оқу-әдістемелік база және студенттер үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлары бар.
Колледж қызметінің негізгі басымдығы болып ұсынылатын білім беру қызметтері сапасының тұрақты өсуі, еңбек нарығында үстем позициялардың сақталуы; қызметкерлер мен серіктестіктердің мүдделерін ескере отырып, білім беру қызметтеріне тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру болып табылады. Сапа жүйесі колледж қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Сапа жүйесі мобильді болғандықтан, педагогтар, білім алушылар мен ата-аналар үшін ашық. Колледж миссиясын жүзеге асыруда колледж кадрлары, оқу-материалдық базасы, ғылыми-әдістемелік тәжірибе және тәрбие жұмысының дәстүрлері басты ресурстар болып табылады.