Колледж тарихы

Колледж тарихы

1997 жылы Ақтау қаласында ашылған «Қайнар» колледжі Маңғыстау облысының білім беру жүйесіне мемлекеттік емес сектордың негізін қалады. «Қайнар» колледжінің директоры - Ағарту ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Халам Орынғалиқызы Қарасаева . 

Колледждің білім беру қызметінде қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға мән берілген, олар - «Ақпараттық жүйелер (қолдану облыстары бойынша)», «Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)», «Радиоэлектроника және байланыс», «Құқықтану», «Кәсіптік білім беру», «Бағалау», «Экономика», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Аударма ісі», «Бастауыш білім беру», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту».

Қазіргі уақытта «Қайнар»  колледжі - 4 қабатты оқу ғимараты бар, материалдық-техникалық базасы жоғары, оқу орны. Колледж оқу кабинеттері мен зертханалар қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жабдықталған. 70 мың данадан астам кітап қорымен жабдықталған кітапхана және 600-ден астам электрондық оқулықтармен қамтамасыз етілген. Оқу үрдісінде электрондық оқулықтар, мультимедиялық білім беру курстары кең қолданылады. 75 орындық асхана жұмыс жасайды.

Колледжде студенттерге білім беруде бірінші және жоғары білікті оқытушылар ғана емес, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлар, тәжірибелі мамандар да сабақ береді. 

Колледж оқытушылары жыл сайын әдістемелік семинарға қатысып, өз тәжірибелерін таратуда. Студенттердің кәсіби деңгейін көтеру және тұлғалық қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту мақсатында кредиттік оқыту, модульдық оқыту технологиялары оқу үрдісіне енгізілді. Теориялық кәсіби білімі бар студенттерді еңбекке баулып, маман ретінде қалыптасуына ықпал ететін дуальды технология жүйесі жүзеге асырылды.