Колледж туралы

Колледж туралы

«Қайнар» колледжінің директоры, ағарту ісінің үздігі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қарасаева Халам Орынғалиқызы:

«Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары мемлекеттік оқу орындары мен бірге мемлекеттік емес оқу орындарына мамандар дайындауға заңды түрде мүмкіндік берді.  «Қайнар» колледжі 1997 жылы Ақтау қаласында ашылып,  өлкемізге қажетті кәсіп иелерін дайындау ісіне кіріскен еді. Алғашқы жылдары «Шетел тілі мұғалімі», «Экономика және бухгалтерлік есеп, аудит», «Құқықтану» мамандықтары ашылды. Қолледжіде оқу тәрбие жұмыстары талапқа сай ұйымдастырылды, мамандықтарына сай терең теориялық білім алып, ол білім дағдыларын практикада қолдана алатындығын көрсете білді. Оқу орны ел сеніміне ие бола бастады. Бітірген түлектеріміз қала, аудан әкімшілігінде, мектептерде, құқық қорғау органдарында, мекемелерде белсенді еңбек етіп, көзге түсті. 

"Қайнар" колледжі

Колледжіде білім алушылар келісім-шарт негізінде кәсіпорындарда, түрлі мекемелерде, мектептерде практикада болып, тәжірибе жинайды. Колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикада қолданып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды.

0 Мұғалім
0 Оқушы
0 Мамандық
0 Кітап қоры

Жылдар өте жергілікті халықтың cұранысына қарай өзге де мамандықтар ашыла бастады. Бүгінгі күні мамандықтар саны 14 -ке жетті.«Қайнар» колледжінің абыройы мен беделінің өскендігін, мамандар дайындау ісінде өзге оқу орындарымен бәсекеге түсе алатындығына сенген Маңғыстау облысының Білім басқармасы «Радиоэлектроника және байланыс», «Ақпараттық жүйелер», «Бағалау», «Құқықтану» мамандықтарының бюджеттік топтарын ашуға рұсат берді. Облысымыздың  артып отырған сенімін толық ақтап шығамыз деген ойдамыз. Колледжі студенттері қаламыздың қоғамдық, саяси және мәдени өміріне белсенді қатынасады. Жастар орталығы, қалалық спорт бөлімі ұйымдастыратын тәрбиелік шаралардан тыс қалмай, өз үлестерін қосып келеді. Тілдерді дамыту бөлімі дәстүрлі түрде өткізетін М.Мақатаев, Ә.Кекілбаев, О.Бөкей шығармашылығын және ана тіліне деген сүйіспеншілікті насихаттайтын көркемсөз оқу байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2014-2015 оқу жылы «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Амандықова Н, «Құқықтану» мамандығының студенті Мусаев М көркем сөз оқу байқауларында екінші, үшінші орындарға ие болды. Мусаев Мереке О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысып, облыс бойынша бас жүлдені жеңіп алды да, ХVII республикалық байқауына жолдама алды. Қыркүйектің 25 – де Астана қаласында өткен республикалық байқауда белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Қазіргі  кезде колледж «Маркетинг», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Бағалау», «Радиоэлектроника және байланыс», «Ақпараттық жүйелер», «Құқықтану», «Бастауыш білім беру», «Қонақүй шаруашылығына қызмет көрсету»,т.б мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.

Оқу орнымызда жыл сайын студенттерді кәсіби жағынан дамыту жолын көздеген ғылыми практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады. Ондай жұмыстарды Суденттердің ғылыми қоғамы жоспарына сәйкес өткізіп отырады. Толерантық тақырыбына халықаралық деңгейде конференция ұйымдастырылып, оған Ресей ғалымдары қатысты. Біздің судентеріміз бен оқытушыларымыз баяндама жасап, ой бөлісті. Толеранттылық-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғандықтан біздің оқу орнымыз ол мәселеге бейжай қарай алмады. Колледжіде әр түрлі ұлт өкілдері білім алады, бір бірімен тату. Толеранттылық - тәрбие жұмысымыздың арқауы деп есептейміз, оны жастар бойына тереңірек  сіңіруге жұмыстанып жүрміз. Конференцияларда әр мамандық бойынша студенттер өздерінің кәсіби саласына қатысты өміршеңді тақырыптарды ғылыми практикалық жағынан тереңірек меңгеруге, кеңірек білуге тырсады. Оларға ғылыми тәжірибелі ұстаздар басшылық жасап, әдістемелік көмектер көрсетеді.

Колледжіде білім алушылар келісім-шарт негізінде кәсіпорындарда, түрлі мекемелерде, мектептерде практикада болып, тәжірибе жинайды. Колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикада қолданып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды.

«Құқықтану» мамандығының студенттері Ақтау қалалық сотында, аудан соттарында, ішкі істер бөлімдерінде, «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері қала және Мұнайлы ауданының мектептерінде, «Радиоэлектроника және байланыс» студенттері «Казтелеком», «Скай телеком» мекемесінде, «Ақпараттық жүйелер» студенттері қала кәсіпорындарында практикадан өтеді. 

Жастарды оқытып тәрбиелеуде ұзақ жыл еңбек етіп жүрген тәжірибелі ұстаздар мен талапты, ізденгіш  жас оқытушылар қоян-қолтық қызмет етеді. Ғылыми атағы бар ғалымдар да, ұзақ жыл өнімді ебек етіп жүрген ұстаздар да, талапты жас оқытушылар да өздеріне артылған ауыр да жауапты іске адал қызмет етуге тырысады. Күшіңді, жігеріңді, білім мен тәжірибеңді барынша жұмсап еңбектенбесең, ештеңеге  қол жеткізе алмайтындығын бәрі де түсінеді. Жыл сайын бірнеше оқытушымыз бірінші және жоғары санатты кәсіби біліктілікте ие болып жүр. «Өрлеу» орталығы ұйымдастыратын білімін арттыру курстарында оқытушыларымыз біліктілігін көтереді.Оқытудың жаңа технологиялары туралы дәрістер тыңдап, әдістемелік және ақпараттық жағынан білімдерін кеңейтеді. 

Елбасымыздың «Нұрлы жол Болашаққа бастар жол» атты Жолдауы әлемдік дағдарыстар кезінде еліміздің экономикалық саясатын қай бағытта, қалай жүргізу керектігін айқындар берген нақты бағдарлама. Республикамыдың орталығы Астана қаласымен  байланыстыратын автомобиль жолдары мен  теміржолдар салу, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй құрылымдарын нығайту бәрін де қамтыған. Бұрынғы жоспарланған маңызды істеріміздің орындалуына жаңа серпін береді. Экономикамыз өзге елдердің экономикасымен, саяси жағдайларымен тікелей байланысты. Айналамыздағы ірі елдердің экономикалық, саяси жағдайларына қарай отырып, олармен достық қатынасты сақтап, өз дамуымызды ойлауымыз керек. Жолдауда еліміздің өркендеуіне халықтар достығы, татулық пен бірліктің маңызы жақсы айтылған. Кейбір елдерде алауыздық болып, бірнеше ғасыр жинақтаған ұлттық құндылықтарын қиратып, жойып жатқанын ақпараттардан көргенде, «шүкір», «тәубе!» деп, Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатына риза боласың.

 Тәуелсіз болу ешқандай елге тәуелді болмай, өз халқыңның азат болғаны, өзінше даму жолын таңдағағаны. Тілін, әдет ғұрыптарын, салтын, өнерін, сақтай отырып, дамытып, байытып, кейінгі ұрпаққа қалдыру. Бейбіт өмір сүріп, алдыңғы қатарлы елдерге жету. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлей, қастерлей отырып,ұрпағыңа аманат қып табыс ету. Жаһандану заманында өзіңе тән тілің мен өнеріңді сақтап қалу. Өркениетті елдердің қолданып отырған ғылыми жаңалықтарын, техникаларын өндірісте пайдалану, өзіміз де жаңалықтар ашып еліміздің игілігіне жарату деп ойлаймын.»