Колледжге қабылдау ережесі

Колледжге қабылдау ережесі

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №303 бұйрығына және  2020 жылғы  13 шілдедегі №297 бұйрығына сәйкес қабылдау қағидасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді»;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

4-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. көрсетілетін қызметті берушіге:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4)  «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) бекітілген №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) №088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;

5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман - оралман куәлігі.

Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы  №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген №086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы  №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген №088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;

4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақтың бірінші абзацының 4) тармақшасында және екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын білім беру ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізеді»;

7-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

  «7. Білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Тұлғаларды орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына білім алушылар құрамына оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады»;

мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

«12-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың немесе шығармашылық конкурстың және/немесе басқа да арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағалардың жиынтық балын көрсете отырып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының  8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын білім беру ұйымының сайтында қалыптастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.

Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.

Бағалардың жиынтық балы:

негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстар бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары (педагогикалық, медициналық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша);

мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән және/немесе шығармашылық конкурс және/немесе басқа да арнайы конкурстардың бағалары бойынша (педагогикалық мамандықтар және шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша) қалыптасады.

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.

Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.

Мамандық бейініне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойынша екі пән және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түріндегі арнайы конкурс.

Мамандық бейініне сәйкес келетін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып эссе жазу түрінде арнайы конкурс белгіленеді. Эссе жазуға және бағалау өлшемшарттарына қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды.

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша шығармашылық конкурс күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тікелей білім беру ұйымдарында өткізіледі.

Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар психометриялық тестілеудің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі, оны өткізу нысанын білім беру ұйымдары айқындайды.

Ағылшын тілінде оқытатын медициналық және фармацевтикалық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілін білудің базалық деңгейін бағалау (тестілеу әдісімен) қосымша енгізіледі.

Медициналық мамандықтарға түсетін тұлғалар арасында конкурсты өткізу үшін білім туралы құжатқа немесе арнайы конкурстардың нәтижелері бойынша бағаларына сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының негізінде орташа балл шығарылады.

Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі, сондай-ақ шығармашылық және арнайы конкурстардың нәтижелері ескеріледі.

Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бойынша бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.

Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
28 ақпандағы №264 қаулысымен бекітілген.

Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілілігін растайтын құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынылады»;

мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

«16-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.»;

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда өнер және мәдениет мамандықтарына түсушілер үшін шығармашылық конкурс күнтізбелік жылдың 21-28 шілде аралығында өткізіледі, олардың мазмұны мен бағалау өлшемшарттарына қойылатын талаптарды білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары айқындайды»;

мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

«18-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім беру ұйымдарына педагогикалық мамандықтар бойынша, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша оқуға түсетін тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық және басқа да арнайы конкурстар өтеді.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсуші тұлғалар спорттық жетістіктері бар портфолио, соңғы Президенттік (Ұлттық) тест нәтижелерін тапсырады»;

мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

«23-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шығармашылық және арнайы конкурстардың қорытындылары білім беру ұйымының қабылдау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда апелляциялық комиссия шығармашылық және арнайы конкурстардың жиынтық балы және/немесе қорытындылары бойынша конкурстың нәтижелерін қарайды»;

мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда конкурс нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді»;

мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

«30-1. Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын  оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады».

   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 16 шілдесі № 303

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 7-қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

Орта білім (жалпы орта)

0100000 –Білім беру

0101000

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

0102000

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша)

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Биология

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

0104000

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

0105000

Бастауыш білім беру*

Алгебра

Биология

Алгебра және анализ бастамалары

Биология

0200000 – Құқық

0201000

Құқықтану

Құқық негіздері

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Дүниежүзі тарихы

Құқық негіздері

0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару

0507000

Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру

География

Шетел тілі

География

Шетел тілі

0512000

Аудармашы ісі (түрлері бойынша)

Шетел тілі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

Шетел тілі

Әдебиет (оқыту тілдері бойынша)

0513000

Маркетинг (салалар бойынша)

Алгебра

Химия

Алгебра және анализ бастамалары

Химия

0514000

Бағалау

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

0518000

Есеп және аудит (салалар бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника

01304000

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

01305000

Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)

Алгебра

Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

01306000

Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Физика

Информатика

Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы берілетін мамандық бойынша біліктілігіне байланысты анықтайды.