«Қайнар» колледжінде Мұғалімдер күніне орай мерекелік шаралар өткізілді

«Қайнар» колледжінде Мұғалімдер күніне орай мерекелік шаралар өткізілді

Колледжіміздің техникалық пәндер бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаздық – ғаламдағы басты кәсіп» атты тақырыпта мереклік шаралар ұйымдастырылды.

Колледждің «Бастауыш білім беру» мамандығының  үшінші курс студенттері «Өзін-өзі басқару» жоспары негізінде ұстаздарға деген мерекелік ізгі ниеттерін білдіру мақсатында қабырға газеттерін шығарып, өздерінің өлең шумақтарын жазып арнады.Таңертегілік ерте келіп ұстаздарын гүлдермен қарсы алып, ұстаздарының орнына бірінші курс студенттеріне кіріп бір сағатқа орын ауыстырып, өздерінің ұстаздардан үйреніп жатқан мұғалімдік тәжірибелерін көрсетіп ұстаздарын қуантты.

Топ жетекшілерінің басшылығында әр топта Ұстаздар күніне арналған тәрбиелік сағаттар өткізілді. Атап айтсақ, екінші курс «Ақпараттық жүйелер»  мамандығының топ жетекшісі А.Кисметова «Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік» атты тәрбие сағатын ұйымдастырып, студенттерге ұстаздық мамандығының мәртебесінің биіктігін, мұғалім еңбегінің мақтаныштарын түсіндіруге бағыттады.

Колледждің жастар ісі комитетінің мүшелері мен студенттері өздерінің ұстаздарына «Ұстаздық – ғаламдағы басты кәсіп» атты мерекелік концерттерін ұйымдастырып тарту етті.